Туристік визаға қажетті құжаттар

Биометриялық деректерді (саусақ іздерін) жинау мақсатында С санатына өтініш беру кезінде өтініш берушінің жеке келбеті қажет.
Туристік виза Шенген келісімшартына қатысушы елдердің аумағында әр жарты жылда ең көп дегенде 90 күн болуға мүмкіндік береді

1.Белгіленген үлгідегідей суреті бар сауалнама

Құрметті клиенттер, сайтқа кірген кезде сауалнама автоматты түрде жасалады. Жазу аяқталғаннан кейін сіз толтырылған сауалнамаларды басып шығара аласыз.

Сауалнаманы толтыру талаптары
Сауалнама  әрбір өтініш берушіге итальян немесе ағылшын тілінде толтырылады. Балаларға бөлек сауалнама толтырылады. 18 жасқа дейінгі бала үшін нысанға екі ата-ананың да қолы қойылады. Ұсынылған сапарға дейін үш ай бұрын виза туралы өтініш қабылданбайды. 

Тек қабылданған стандарттарға сәйкес келетін нысандарды пайдаланыңыз. Сауалнаманың нысанын біздің сайтымыздан «формулярдар» бөлімінен табуға болады.

 2. Фотосурет (белгіленген үлгідегі)

Фотосуреттің талаптары
ақ фонда, тусті, жақында жасалған фото – 1 дана. (адамның бет бейнесі бүкіл суреттің 70-80 пайызын құрауы тиіс)
Өлшемі: 30 мм x 40 мм немесе 35 мм x 45 мм

 3. Төлқұжат

Паспорттың Шенген аймағынан шыққан күннен кейін кем дегенде үш айға жарамды және визаға арналған кемінде екі бос беті болу керек . Паспорт алдыңғы 10 жыл ішінде шығарылуы тиіс

Өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі (жеке ақпараты бар парақтың көшірмесі және соңғы үш жылда Шенген визасы көшірмесі).

4. Шақыру немесе қонақ уйге тапсырысы

Италияға виза алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Итальяндық азаматтың немесе Италияда заңды түрде тұратын шетелдік азаматты шақыру, паспорттың көшірмесі (дербес деректермен және дербес қолы бар беттермен) немесе тұру  рұқсаты бар. Шақыру белгіленген үлгі бойынша болуы керек lettera di invito. Біздің сайтымыздан «Формулярдар» бөлімінде таба аласыз.
Шақыруда қонақтың Италияда болу мерзімін көрсету керек. Шақыруды шақырушы адам қол қоюы керек.

Сканерленген немесе факсимилді көшірмені қамтамасыз ету жеткілікті.

НЕМЕСЕ
Қонақ үйдің мекен-жайы мен телефон нөмірі, болу мерзімі, әрбір өтініш берушінің аты-жөні.

НЕМЕСЕ
Италияда жылжымайтын мүлік меншігіңізде немесе жалға алынған жағдайда:

• виза сұраған азаматтың сатып алу – сату келісім шарты немесе жалдау келісім шартының  түпнұсқасы + көшірмесі;
меншік иесінің (немесе жалға алушы) қонақтарына қажет болса  , ол алып – сату шартын (жалдау), сондай-ақ белгілі бір мерзімге шақыру (көшірмесі жеткілікті) lettera di invito  , қонақтын тұратын жерін растайтын құжат ұсынуы тиіс. Төлқұжаттағы жеке ақпараты бар бетін немесе адам Италия азаматы болып табылмайтын жағдайда мекендеу қағазының көшірмесі қажет

Италиядан басқа Шенген келісімге кірентін мемлекеттерге баруды жоспарласаңыз сол мемлекеттердегі қонақ уйлердегі тапсырыстарды ұсынуыңыз қажет 

Шенген елдерінде болу кезеңіндегі (әр түнде) шақыру немесе қонақ үй брондауын қамтамасыз ету керек

5. Жұмыс орнынан анықтама

Жұмыс орнынан алынған ұйымның фирмалық бланкісінде телефон нөмірі мен ұйымның мекен-жайы, өтініш берушінің лауазымы және айлық жалақысы бар анықтаманын түпнұсқасы талап етіледі. Анықтамада берілген күні көрсетілуі тиіс. (Визаны алу құжаттар пакетін өңдеу үшін анықтама өтінім беру күннен бастап бір ай ішінде жарамды). Анықтама  ұйым басшысының қолы мен мөрмен куәландырылады.
Жеке кәсіпкерлер тіркелу туралы куәліктің көшірмесін және қолы мен мөртабанымен (бар болса), лауазымы мен орташа айлық табысын көрсететін анықтаманы береді.

Зейнеткерлер
зейнеткерлік куәліктерәін ұсынады  (түпнұсқа + көшірме).

Студенттер  оқу орнынан мөрі бар және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама  ұсынады.
Оқушылар оқу орнынан мөрі бар және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама  ұсынады.

6. Қаржылық кепілдік
Италия аумағына немесе Шенген келісіміне қатысушы басқа мемлекетке кіруге ниет білдірген шетелдік азамат Италияда болуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаражатқа ие болуға тиіс.
Италияға кіру үшін қажетті ақшаның сомасы Италия Ішкі істер министрлігі бекіткен параметрлер негізінде есептеледі және ұшу мен тұру шығындарын қамтымайды

Қаржылық кепілдік ретінде келесі құжаттардың біреуі қабылданады:
• соңғы 3 айдағы ақшалай қаражаттың болуы туралы банктен анықтама + ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп.

банк кепілдігі
fideiussione bancaria (түпнұсқасы + көшірмесі) шақыру тарапынан (жеке тұлға немесе фирма). Шақырушының есебінде белгілі бір сома өтініш берушінің атына бұғатталады. Осыған қатысты тиісті құжат дайындалады да өтініш берушінің қолында түпнұсқасы болады. Әдетте, мұндай құжатты барлық ірі банктер шығарады. Осындай құжатты сақтандыру компаниялары да шығарады, бұл жағдайда ол polizza fideiussoria деп аталады

Қазақстан Республикасының азаматынын демеушілігі:
«Кепілдік хаты» + демеушінің куәліктің/төлқұжаты көшірмесі + банктен алынған анықтама көшірмесі.
• Италия азаматының демеушілігі:
Жақын туыстары үшін шығыстарды жабу және тұрғын үймен қамтамасыз етуді растаудың жаңа нысаны қоса беріледі. Барлық басқа адамдар үшін жоғарыдағы ақпаратты қараңыз.

Қаржылық кепілдігі 1 айға жарамды.

7. Мекен-жайы туралы анықтама (1 айдан артық емес).

8. Шенген елдеріне қатысты медициналық сақтандыру

Шетелге шығатын азаматтарды медициналық сақтандыру полисі Visa орталығында шығарылуы мүмкін

30 000-нан 50 000 евроға дейін сақтандыру төлемін таңдау мүмкіндігі бар;
• полисті  төлеу келісімшарт жасау сәтінде теңгемен жүргізіледі.

Назар аударыңыз !!! Сақтандыру полисін кеңседен тыс дайындау кезінде алаяқтықтан аулақ болу үшін сақтандыру агентінің өкілеттігін растайтын құжаттарды оқып шығу қажет.

9. Билет  немесе оның тапсырысы

Ұшу билеттері (пойыз, автобус) – түпнұсқалар + көшірме немесе олардың брондауын растау қабылданады.

Егер өтініш беруші өз меншігіндегі көлікпен жүруді жоспарласа  астындағы құжаттарды ұсыну қажет;

  • көлік құралын тіркеу туралы куәлік – түпнұсқа + көшірме;
  • автокөлік үшін халықаралық сақтандыру полисі (carta verde) – түпнұсқа + көшірме;
  • жүргізуші куәлігі – түпнұсқасы + көшірмесі;
  • жалға алынған көлік құралында жүру жоспарланса, көлік құралын жалға беру туралы шарт

егер сіз өтініш берушінің меншігінде жоқ автокөлікпен жүруді жоспарласаңыз, сіз иесінің нотариалды куәландырылған сенімхатын (түпнұсқа + көшірме) беруіңіз керек. Егер көлік компанияға тиесілі болса – ұйымның бланкісінде жүргізу  сенімхатын (түпнұсқа + көшірме) ұсынасыз.

Егер бірнеше Шенген мемлекеттеріне баруды жоспарласаңыз жүру бағытын ұсынуыңыз қажет

10. Басқа

Отбасылық байланыстар туралы куәландыратын құжаттар (неке туралы куәлік, отбасы құрамын растайтын құжаттар, балалардың туу туралы куәліктері және т.б.); Шенген келісіміне қатысушы елдерде отбасылық немесе өзге де жеке байланыстардың болуын растайтын құжаттар

11. Жеке деректерді өңдеуге келісім (формулярлар)

12. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; резидент еместер үшін – шарт жасау үшін өтініш берушінің жеке басын растайтын құжат

13. Консулдық төлем теңгемен төленеді

• қысқа мерзімді виза шығару құны – 60 евро.

• Украина, Ресей Федерациясы, Македония, Сербия, Черногория, Албания, Молдова, Босния, Грузия, Армения, Әзірбайжан - 35 евро.

 Консулдық төлемнен  келесі санаттағы адамдар босатылады

6 жасға толмаған балалар

Еуропалық одаққа кіретін азаматтардың жақын туыстары  ата-анасы , жұбайы, балалары

14. Қазақстан Республикасының резиденттері емес  Қазақстан Республикасының аумағында сапардан оралғаннан кейін қолдана алатын заңды тұрғылықты жерін растайтын құжатты ұсыну міндетті

Сізге консулдық алым мен қосымша қызметтерден басқа Visa Centre қызметтеріне ақы төлеу қажет екендігін хабарлаймыз. Қызмет құны туралы сіз осында таба аласыз.

Құжаттарды рәсімдеу ережелерімен Сіз «Маңызды ақпарат» бөлімінен таба аласыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, ақпаратты телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы жасай аласыз. Толығырақ …