Транзит визасы

Сан Мариноға барған кезде Италия шекарасын кесіп өтуге арналған құжаттар

1. Сан Мариноға шақыру немесе қонақүйді брондау.

2. Шенген елдеріне арналған медициналық сақтандыру
Виза алу үшін Шенген аймағында әрекетті медициналық сақтандыру талап етіледі. Сақтандыру өтемінің ең аз сомасы – 30 000 Еуро. Бірқатар жағдайларда өтемнің кең ауқымын қамтитын сақтандыру талап етілуі мүмкін.
Шетелге шығатын азаматтардың медициналық сақтандыру полисін Виза орталығында рәсімдеуге болады.
• полисті рәсімдеу уақыты 5 минуттан аспайды;
• сақтандыру өтем сомасын 30 000 еуродан 50 000 еуроға дейінгі шектерде таңдауға болады;
• стандартты бағдарламалардан басқа экстремалды спорт түрлерінің әуесқойларына арналған арнайы бағдарламалар бар;
• полис төлемі теңгемен келісім-шарт жасалған сәттегі бағамы бойынша жүргізіледі.
Назар аударыңыз!!!
Сақтандыруды кеңседен тыс рәсімдеу кезінде айлакерліктің алдын алу үшін сақтандырушы агенттің өкілеттіктерін растайтын құжаттармен танысу керек.

3. Бару және қайту билеті немесе билетті брондау 
Ұшақ/пойыз/автобус билеттері (түпнұсқалар + ксерокөшірмелер) немесе оларды брондалуын растайтын құжаттар қабылданады.
Егер өз көлігіңізде сапарға шығуды жоспарласаңыз, келесі құжаттарды ұсыну керек:
• көлік құралын тіркеу туралы куәлік + ксерокөшірме;
• халықаралық сақтандыру полисі (carta verde) + ксерокөшірме;
• жүргізуші куәлігі + ксерокөшірме;
• егер жалдамалы көлікте сапарға шығу жоспарланса, көлік құралын жалдау келісім-шарты.

4. Арыз берушінің жеке мәліметтері мен фотосуреті бар шетелдік төлқұжат бетінің көшірмесі .

5. Фотосуреті бар (белгіленген форматта) сауалнама.
Сауалнама толтыруға қойылатын талаптар:
Сауалнама әр арыз беруші үшін итальян немесе ағылшын тілінде, немесе транслитте баспа әріптерімен толтырылады. Балаларға жеке сауалнама толтырылады. 18 жасқа дейінгі бала үшін сауалнамада екі ата-ана да қол қояды!!!
Қабылданған стандарттарға сәйкес келетін баспабеттерді ғана қолданыңыз.
Сауалнама баспабетін біздің сайтта «Формулярлар» бөлімінде табуға болады.
Фотосуреттерге қойылатын талаптар
Ақ фондағы түрлі-түсті фотосурет – 1 дана.
Өлшемдері: 30 мм х 40 мм немесе 35 мм x 45 мм.

6. Қаржылық кепілдік
Италия немесе Шенген келісімінің басқа қатысушы елінің аумағына кіруді көздейтін шетелдік азамат барлық тұру уақытында оның Шенген аумағында тұруын қамтамасыз ететін қаражаттардың жеткілікті көлеміне ие болуы керек.
Қаржылық кепілдік ретінде келесі құжаттар қабылданады:
• Арыз беруші шотының жағдайы туралы үзінді түпнұсқасы. Шот кез келген валютада болуы мүмкін (соның ішінде рубльде);
• соңғы 3 ай көлемінде шотыңызда қаржы болғанын растайтын банктен анықтама керек.
• жол түбіртектерінің түпнұсқасы мен көшірмесі
• шақырушы тараптың (жеке тұлғаның немесе фирманың) банктік кепілдігі fidejussione bancaria (түпнұсқа + ксерокөшірме). Банкте қоса тіркеуші шотында арыз беруші атына белгіленген сома бекітіледі. Сәйкес құжат рәсімделеді, оның түпнұсқасы арыз берушінің қолында болуы керек. Әдетте, мұндай құжатты дүние жүзілік аты бар ірі банктер рәсімдейді. Ұқсас құжатты сонымен қатар сақтандыру компаниялары рәсімдейді, бұл жағдайда ол polizza fidejussoria деп аталады.
• пошталық облигацилар buono fruttifero postale (түпнұсқа + ксерокөшірме).

Италия аумағына кіру үшін қажетті ақшалай қаражаттар сомасы Италия Ішкі Істер Министрлігімен бекітілген параметрлер негізінде есептеледі.
«Қаржылық кепілдік»

7. Шетелдік төлқұжат
Шетелдік төлқұжаттың әрекет етуінің аяқталу мерзімі сұратылатын визаның әрекет етуі аяқталатын мерзімнен кем дегенде 3 айға асуы керек. Төлқұжатта виза қою үшін кем дегенде екі таза бет және берілген күннен бастап 10 жыл мерзімде ғана жарамды болуы керек
Қазақстан немесе Қырғызстан азаматымен отбасы байланысын растайтын құжаттар(неке қию туралы куәлік, отбасы құрамы туралы құжат, туу туралы куәлік); Шенген аумағы елдерінде бар отбасы немесе басқа да жеке байланысын куәландыратын құжаттар.

8. Консулдық алым текқана теңгемен төленеді
С типті қысқа мерзімді визаны рәсімдеу құны
• Қазақстан мен Қырғызстан – 60 еуро.
• Ресей Федерациясының, Украинаның, бұрынғы Югославияның (Македонияның, Сербияның, Черногорияның), Грузияның, Арменияның, Албанияның және Молдавияның азаматтары үшін - 35 еуро.
Барлық қалған азаматтар үшін визаны рәсімдеу құны – 60 еуро.
Консулдық алым келесі санатты азаматтардан алынбайды:
• 6 жасқа дейінгі балалар
• Еуроодақ елдерінің азаматтарының жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, балалары)

9. Жеке куәлік 
Келісім-шарт жасау үшін Қазақстан азаматының немесе кез келген басқа мемлекет азаматының жеке куәлігі.

10. Дербес деректердің өңдеуіне деген ынтымақ. (формулярлар)