Студенттік визаға арналған құжаттар (Мемлекеттік ЖОО-ның шақыруы)

Егер үміткер Университетке түсуге алдымен тілдік емтихандардан өтуге немесе басқа емтихан тапсыруға тиісті болса, туристік Шенген визасынсұрату керек. Емтиханнан сәтті өткеннен кейін және қабылдау туралы құжатты алғаннан кейін ғана студенттің ұлттық визасын сұрату қажет.

Университетке қабылданған жағдайда қажет құжаттар

1. D типті визаға сәйкес фотосуреті бар сауалнама (үлгі бойынша)

Құрметті клиенттер, сайтқа кірген кезде сауалнама автоматты түрде жасалады. Жазу аяқталғаннан кейін сіз толтырылған сауалнамаларды басып шығара аласыз.

Сауалнаманы толтыруға қойылатын талаптар

Сауалнама әр арыз беруші үшін итальян немесе ағылшын тілінде, немесе транслитте баспа әріптерімен толтырылады. Балаларға жеке сауалнама толтырылады. 18 жасқа дейінгі бала үшін сауалнамада екі ата-ана да қол қояды!!!
Қабылданған стандарттарға сәйкес келетін баспабеттерді ғана қолданыңыз.
Сауалнама баспабетін біздің сайтта «Формулярлар» бөлімінде табуға болады.

2. Фотосурет (белгіленген үлгідегі)

Фотосуреттерге қойылатын талаптар
Жақында жасалған ақ фондағы түрлі-түсті фотосурет – 1 дана. (адамның келбеті бүкіл суреттің 70-80 пайызын құрауы тиіс)
Өлшемдері: 30 мм х 40 мм немесе 35 мм x 45 мм

3. Төлқұжат

Паспорт  Шенген аймағынан кету алдында  кем дегенде үш айға жарамды
және визаға арналған кемінде екі бос парақ болу керек. Паспорт алдыңғы 10 жыл ішінде шығарылуы тиіс.

Өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі (жеке ақпарат бетінің көшірмесі және соңғы үш жылдағы барлық бұрынғы Шенген визасы, егер бар болса).

4. Италиядағы мемлекеттік Жоғарғы Оқу Орнынан шақыру

5. Курсты төлегені туралы құжат

6. Алдындағы білімі туралы диплом (көшірме).

 7. Тұрғылықты жерінің болуын растайтын құжаттар. Шақыруда (нақты мекен-жайда), меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі немесе итальяндық азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе шетелдік азаматтың шақыру қағазы немесе тұруға рұқсаты бар көшірмесі бар қонақ үйдің мекенжайы мен телефон нөмірі, болу кезеңі, өтініш берушінің аты-жөні көрсетілу керек

8. Жеке қаржылық кепілдік 

соңғы 3 айдағы ақшалай қаражаттың болуы туралы банктен сертификат + ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп
• қаржылық кепілдік кестеге сәйкес есептеледі
Қазақстан Республикасының азаматына демеушілік көрсету: «Кепілдік хаты» – жеке куәлігінің / төлқұжатының көшірмесі + банк берген куәліктің көшірмесі.

9. Мекенжай анықтамасы (жарамдылығы 1айдан аспайтын)

10. Шенген елдеріне арналған медициналық сақтандыру

90 күннен аз виза алу үшін медициналық сақтандыру Шенген аймағында болудың барлық кезеңінде қажет.
90 күннен артық виза алу үшін Шенген аймағында алғашқы 8-30 күн қалғанда медициналық сақтандыру талап етіледі

Шетелге шығатын азаматтардың медициналық сақтандыру полисін Виза орталығында рәсімдеуге болады: 

• сақтандыру өтем сомасын 30 000 еуродан 50 000 еуроға дейінгі шектерде таңдауға болады;

• Полисті төлеу келісімшарт жасасу сәтінде теңгемен жүргізіледі.

Назар аударыңыз!!!
Сақтандыруды кеңседен тыс рәсімдеу кезінде айлакерліктің алдын алу үшін сақтандырушы агенттің өкілеттіктерін растайтын құжаттармен танысу керек.

11. Билеті брондау.

Егер виза 90 күннен астам уақытқа созылса, тек бір жаққа баратын билеті ұсынылады.
Егер виза 90 күннен аз болса етілсе, барып қайту билеттері ұсынылады

12. Жеке деректерді өңдеуге келісім.нысандар

13 Келісім-шарт жасау үшін Қазақстан азаматының жеке куәлігі немесе кез келген басқа мемлекет азаматының  жеке басын растайтын құжат қажет.

14. Назар аударыңыз! 15 жасқа дейінгі балалар студенттік визаға өтініш бере алмайды.

Егер визаны 90 күннен аз талап етсеңіз, консулдық алым төленбейді.
Егер 90 күннен астам уақытқа виза талап етілсе, 50 евро мөлшеріндегі консулдық алым төленеді.

Сізге консулдық алым мен қосымша қызметтерден басқа Visa Centre қызметтеріне ақы төлеу қажет екендігін хабарлаймыз. Қызмет құны туралы сіз осында таба аласыз.

Құжаттарды рәсімдеу ережелерімен Сіз «Маңызды ақпарат» бөлімінен таба аласыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, ақпаратты телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы жасай аласыз. Толығырақ …