Медициналық виза

Биометриялық деректерді (саусақ іздерін) жинау мақсатында С санатты визаға өтініш беру кезінде өтініш беруші жеке келуі қажет.

 1. Белгіленген үлгідегідей суреті бар сауалнама

Құрметті клиенттер, сайтқа кірген кезде сауалнама автоматты түрде жасалады. Жазу аяқталғаннан кейін сіз толтырылған сауалнамаларды басып шығара аласыз.

Сауалнаманы толтыру талаптары
Сауалнама  әрбір өтініш берушіге итальян немесе ағылшын тілінде толтырылады. Балаларға бөлек сауалнама толтырылады. 18 жасқа дейінгі бала үшін нысанға екі ата-ананың да қолы қойылады. Ұсынылған сапарға дейін үш ай бұрын виза туралы өтініш қабылданбайды.

Используйте только бланки, соответствующие принятым стандартам. Бланк анкеты можно найти на нашем сайте в разделе «Формуляры».

Тек қабылданған стандарттарға сәйкес келетін нысандарды пайдаланыңыз. Сауалнаманың нысанын біздің сайтымыздан «нысандар» бөлімінен табуға болады.

2. Фотосурет (белгіленген үлгідегі)

Фотосуреттің талаптары
ақ фонда, тусті, жақында жасалған фото – 1 дана. (адамның бет бейнесі бүкіл суреттің 70-80 пайызын құрауы тиіс)
Өлшемі: 30 мм x 40 мм немесе 35 мм x 45 мм

3. Төлқұжат
Паспорттың Шенген аймағынан шыққан күннен кейін кем дегенде үш айға жарамды және визаға арналған кемінде екі бос беті болу керек . Паспорт алдыңғы 10 жыл ішінде шығарылуы тиіс

Өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі (жеке ақпараты бар парақтың көшірмесі және соңғы үш жылда Шенген визасы көшірмесі).

4. Мемлекеттік немесе жеке клиниканың емдеу түрін сипаттайтын, емдеудің уақытын және құнын көрсететін шақыруы.

5. Диагнозды растайтын медициналық құжат: медициналық жазбаның көшірмесі, эпикриз (аурудын медициналық тарихтан алынған үзінді), тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемемен куәландырған

6. Сұралған визамен  Италияда барлық кезеңде туратынын растау 

Егер шақыру клиникасы науқаспен бірге еріп жүрген адамға тұратын жермен қамтамасыз етсе , бұл шақыруда көрсетілуі керек.
Кері  жағдайда, мына құжатпен қамтамасыз етесіз:
Италияда заңды тұлға болып табылатын жеке тұлғадан немесе  итальяндық азаматынан шақыру, паспорт көшірмесімен бірге (дербес деректер және қолтаңбалы беттер) және т.б.

немесе
Тұратын қонақ үйдің мекен-жайы мен телефон нөмірі, болу кезеңі, әрбір өтініш берушінің аты- жөні

7. Жұмыс орнынан анықтама

Жұмыс орнынан алынған ұйымның фирмалық бланкісінде телефон нөмірі мен ұйымның мекен-жайы, өтініш берушінің лауазымы және айлық жалақысы бар анықтаманын түпнұсқасы талап етіледі. Анықтамада берілген күні көрсетілуі тиіс. (Визаны алу құжаттар пакетін өңдеу үшін анықтама өтінім беру күннен бастап бір ай ішінде жарамды). Анықтама  ұйым басшысының қолы мен мөрмен куәландырылады.

Жеке кәсіпкерлер тіркелу туралы куәліктің көшірмесін және қолы мен мөртабанымен (бар болса), лауазымы мен орташа айлық табысын көрсететін анықтаманы береді.
Зейнеткерлер зейнеткерлік куәлік береді (түпнұсқа + көшірме).
Студенттер  оқу орнынан анықтама  және уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрмен ұсынады.
Оқушылар оқу орнынан анықтама және уәкілетті тұлғаның қолымен және  мөрмен ұсынады

8. Емдеуге арналған медициналық шығындарды төлеу үшін, сондай-ақ Италияда болу үшін қаржылық кепілдеме.

соңғы 3 айдағы ақшалай қаражаттың болуы туралы банктен анықтама + ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп
• банк кепілдігі fideiussione bancaria (түпнұсқасы + көшірмесі) шақырушынын атынан (жеке тұлға немесе фирма). Шақырушының есебінде белгілі бір сома өтініш берушінің атына тыйым салынған. Өтініш берушінің қолында тиісті құжат болуы тиіс. Әдетте, мұндай құжатты барлық ірі банктер шығарады. Осындай құжатты сақтандыру компаниялары шығарады, бұл жағдайда ол polizza fideiussoria деп аталады.
Қазақстан азаматына демеушілік: «Кепілдік хаты» + куәліктің көшірмесі және демеушінің төлқұжаты + банктен алынған куәліктің көшірмесі

9. Мекен-жайы туралы анықтама (1 айдан артық емес).         

10. Шенген елдеріне қатысты медициналық сақтандыру

Шетелге шығатын азаматтарды медициналық сақтандыру полисі Visa орталығында жасалуы мүмкін

• 30 000-нан 50 000 евроға дейін сақтандыру төлемін таңдау мүмкіндігі бар;
• полисті  төлеу келісімшарт жасау сәтінде теңгемен жүргізіледі.

Назар аударыңыз !!! Сақтандыру полисін кеңседен тыс дайындау кезінде алаяқтықтан аулақ болу үшін сақтандыру агентінің өкілеттігін растайтын құжаттарды оқып шығу қажет.

11. Барып қайтатын Билет  немесе оның тапсырысы

12. 
Басқа
Отбасылық байланыстар туралы куәландыратын құжаттар (неке туралы куәлік, отбасы құрамын растайтын құжаттар, балалардың туу туралы куәліктері және т.б.); Шенген келісіміне қатысушы елдерде отбасылық немесе өзге де жеке байланыстардың болуын растайтын құжаттар

13. Жеке деректерді өңдеуге келісім нысандар

14Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; резидент еместер үшін – шарт жасау үшін өтініш берушінің жеке басын растайтын құжат

15. Консулдық төлем теңгемен төленеді

Визаның С түрін жасаған кезде( жартыжылдыққа 90 куннен аз болған жағдайда) консулдық төлем  60 евро болады
Визаның D түрін жасаған кезде  жартыжылдыққа 90 күннен коп  болған жағдайда консулдық төлем 116 евро болады

•  Украина, Ресей Федерациясы, Македония, Сербия, Черногория, Албания, Молдова, Босния, Грузия, Армения, Әзірбайжан – 35 евро.

 Консулдық төлемнен  келесі санаттағы адамдар босатылады
• -6 жасқа дейін балалар
•  Евроодақтың азаматтарының жақын туыстары ата анасы жұбайы балалары

16. 
Қазақстан Республикасының резиденттері еместер  Қазақстан Республикасының аумағында сапардан оралғаннан кейін қолдана алатын заңды тұрғылықты жерін растайтын құжатты ұсыну міндетті.

Еріп жүретін адам:
Егер медициналық визаны сұраған адамға қасына еріп жүретін адам қажет болса  мына құжаттар болуы тиісті

1. Пациенттің қасына адам жүруі керек екендігі көрсетілген емханадан шақырту

2. Егер медициналық визаны талап еткен адамға Ілеспе адам қажет болса сол адамға қажетті құжаттар

3. Пациентке бірге еріп  жүретін адамның керектігі жайлы жазылған емханадан шақырту

4. Италияда тұруды растау.
Егер шақыру клиникасы науқасқа еріп жүрген адамға тұруға мүмкіндік берсе, бұл шақыруда көрсетілуі керек

Консулдық алым мен қосымша қызметтерден басқа, визаға құжаттарды тапсырғаннан кейін Сіз Виза орталығының қызметтерін жеке төлейтініңізді хабарлаймыз, Мына жерде анықтауыңыз мүмкін

Құжаттарды рәсімдеу ережелерімен Сіз «Маңызды ақпарат» бөлімінен таба аласыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, ақпаратты телефон арқылы немесе электронды поштаның мекен-жайымен байланыса аласыз. Толығырақ…