Іскерлік визаға қажетті құжаттар

Биометриялық деректерді (саусақ іздерін) жинау мақсатында С санатты визаға өтініш беру кезінде өтініш беруші жеке келуі қажет.

1.Белгіленген үлгідегідей суреті бар сауалнама
Құрметті клиенттер, сайтқа кірген кезде сауалнама автоматты түрде жасалады. Жазу аяқталғаннан кейін сіз толтырылған сауалнамаларды басып шығара аласыз.

Сауалнаманы толтыру талаптары

Сауалнама  әрбір өтініш берушіге итальян немесе ағылшын тілінде толтырылады. Балаларға бөлек сауалнама толтырылады. 18 жасқа дейінгі бала үшін нысанға екі ата-ананың да қолы қойылады. Ұсынылған сапарға дейін 90 күн бұрын виза туралы өтініш қабылданбайды.

Тек қабылданған стандарттарға сәйкес келетін нысандарды пайдаланыңыз. Сауалнаманың нысанын біздің сайтымыздан «формулярдар» бөлімінен табуға болады.

2. Фотосурет (белгіленген үлгідегі)

Фотосуреттің талаптары
ақ фонда, тусті, жақында жасалған фото – 1 дана. (адамның бет бейнесі бүкіл суреттің 70-80 пайызын құрауы тиіс)
Өлшемі: 30 мм x 40 мм немесе 35 мм x 45 мм

3. Төлқұжат

Паспорттың Шенген аймағынан шыққан күннен кейін кем дегенде үш айға жарамды және визаға арналған кемінде екі бос беті болу керек . Паспорт алдыңғы 10 жыл ішінде шығарылуы тиіс

4.Өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі (жеке ақпараты бар парақтың көшірмесі және соңғы үш жылда Шенген визасы көшірмесі).

5. Шақыру
Шақыру итальяндық компаниядан немесе көпұлтты фирманың итальяндық филиалынан (сканерленген көшірме, факс) болуы тиіс.
• шақырылған тұлғалардың толық аты-жөні, лауазымы және жұмыс орны
• сұралған виза мерзімі
• Италиядағы қонақтардың жоспарланған іс-шаралары (мысалы: фабрикаларға бару, фирмалардағы ақысыз тәжірибе, материалдарға тапсырыс беру және т.б.)
• Шақырылған тұлғаның тұруына, оның тамақтануына және медициналық сақтандыруға жұмсалатын шығыстар туралы қамқорлық ететін Италиядағы мекеме немесе жеке тұлға.

Шақыру компанияның фирмалық бланкісінде, итальяндық ұйымның жауапты адамының мөрі мен қолымен куәландырылған, қолтаңбасының көшірмесімен берілуі тиіс. Шақыруда: «Шақырушы компания шетел азаматының барлық кезеңінде эмиграция туралы заңнаманы бұзған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады» (DL 286, DEL 25.7.1998, АРТ, 12)көрсетілген  болуы тиіс. Егер үміткер туыстарымен бірге жүрсе, шақыру олардың жеке деректерін және сапардың мақсаты – «сүйемелдеу» туралы ақпаратты көрсетуі тиіс.

Сканерленген немесе факсимилді көшірмені қамтамасыз ету жеткілікті.

6. Шотқа қол қойған итальяндық ұйым өкілінің паспортының көшірмесі (жеке деректермен және жеке қолтаңбаларымен).
7. Шақырған фирманың сауда-саттық палатасынан (visura camerale) 6 айдан аспайтын фирманың үзіндісін көшірмесі.

8. Тұратын жерді растайтын құжаттар:

- Қонақ үйдің мекен-жайы мен телефон нөмірі, болу кезеңі, әрбір өтініш берушінің аты-жөні
немесе
– итальяндық ұйымның шақыруымен нақты тұратын жерінің болуы.

9. Жұмыс орнынан анықтама

Жұмыс орнынан алынған ұйымның фирмалық бланкісінде телефон нөмірі мен ұйымның мекен-жайы, өтініш берушінің лауазымы және айлық жалақысы бар анықтаманын түпнұсқасы талап етіледі. Анықтамада берілген күні көрсетілуі тиіс. (Визаны алу құжаттар пакетін өңдеу үшін анықтама өтінім беру күннен бастап бір ай ішінде жарамды). Анықтама  ұйым басшысының қолы мен мөрмен куәландырылады.
Жеке кәсіпкерлер тіркелу туралы куәліктің көшірмесін және қолы мен мөртабанымен (бар болса), лауазымы мен орташа айлық табысын көрсететін анықтаманы береді.

Италия аумағына немесе Шенген келісіміне қатысушы басқа мемлекетке кіруге ниет білдірген шетелдік азамат Италияда болуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаражатқа ие болуға тиіс.

Италияға кіру үшін қажетті ақшаның сомасы Италия Ішкі істер министрлігі бекіткен параметрлер негізінде есептеледі және ұшу мен тұру шығындарын қамтымайды

Қаржылық кепілдік ретінде келесі құжаттар қабылданады:
соңғы 3 айдағы ақшалай қаражаттың болуы туралы банктен анықтама + ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп
іскерлік сапар туралы бұйрық (сапардың мақсаты мен мерзімдері, жол жүру шығыстары көрсетілген болу керек).

Қаржылық кепілдік 1 айға  жарамды.

Италияға кіру үшін қажетті ақшаның сомасы Италия Ішкі істер министрлігі бекіткен параметрлер негізінде есептеледі. «Қаржылық кепілдік».

11. Мекен-жайы туралы анықтама (1 айдан артық емес).

12. Шенген елдеріне қатысты медициналық сақтандыру

Шетелге шығатын азаматтарды медициналық сақтандыру полисі Visa орталығында шығарылуы мүмкін

30 000-нан 50 000 евроға дейін сақтандыру төлемін таңдау мүмкіндігі бар;
• полисті  төлеу келісімшарт жасау сәтінде теңгемен жүргізіледі.

Назар аударыңыз !!! Сақтандыру полисін кеңседен тыс дайындау кезінде алаяқтықтан аулақ болу үшін сақтандыру агентінің өкілеттігін растайтын құжаттарды оқып шығу қажет.

13. Билет  немесе оның тапсырысы
Ұшу билеттері (пойыз, автобус) – түпнұсқалар + көшірме немесе олардың брондауын растау қабылданады.
Егер өтініш берушінің меншігінде емес көлікте жүру  жоспарланса  сіз мына құжаттарды  қамтамасыз етуіңіз керек:
• көлік құралын тіркеу туралы куәлік – түпнұсқа + көшірме;
• автокөлік үшін халықаралық сақтандыру полисі (carta verde) – түпнұсқа + көшірме;

 жүргізуші куәлігі – түпнұсқасы + көшірмесі;
• жалға алынған көлік құралында жүру жоспарланса, көлік құралын жалға беру туралы шарт
егер сіз өтініш берушінің меншігінде жоқ автокөлікпен жүруді жоспарласаңыз, сіз иесінің нотариалды куәландырылған сенімхатын (түпнұсқа + көшірме) беруіңіз керек. Егер көлік компанияға тиесілі болса – ұйымның бланкісінде жүргізу  сенімхатын (түпнұсқа + көшірме) ұсынасыз.

 Егер бірнеше Шенген мемлекетіне баруды жоспарласаңыз, сіз сапардың  бағытын  ұсынуыңыз керек.

14. Басқа

Отбасылық байланыстар туралы куәландыратын құжаттар (неке туралы куәлік, отбасы құрамын растайтын құжаттар, балалардың туу туралы куәліктері және т.б.); Шенген келісіміне қатысушы елдерде отбасылық немесе өзге де жеке байланыстардың болуын растайтын құжаттар

15.Жеке деректерді өңдеуге келісім формуляры

16. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; резидент еместер үшін – шарт жасау үшін өтініш берушінің жеке басын растайтын құжат.

17. Консулдық төлем теңгемен төленеді
• қысқа мерзімді виза шығару құны – 60 евро.
• Украина, Ресей Федерациясы, Македония, Сербия, Черногория, Албания, Молдова, Босния, Грузия, Армения, Әзірбайжан - 35 евро.

 18. Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының аумағында сапардан оралғаннан кейін қолдана алатын заңды тұрғылықты жерін растайтын құжатты ұсыну міндетті.

Сізге консулдық алым мен қосымша қызметтерден басқа Visa Centre қызметтеріне ақы төлеу қажет екендігін хабарлаймыз. Қызмет құны туралы сіз осында таба аласыз.

Құжаттарды рәсімдеу ережелерімен Сіз «Маңызды ақпарат» бөлімінен таба аласыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, ақпаратты телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы жасай аласыз. Толығырақ …