Автономды жұмыс

C категориялы визаға өтініш білдірушінің әрқайсысы биометриялық белгілерін (он саусақ таңбасы) жеке өзі келіп тапсырады

1. Белгіленген үлгідегідей суреті бар сауалнама

 Құрметті клиенттер, сайтқа кірген кезде сауалнама автоматты түрде жасалады. Жазу аяқталғаннан кейін сіз толтырылған сауалнамаларды басып шығара аласыз.

Сауалнаманы толтыруға қойылатын талаптар

Сауалнама әр арыз беруші үшін итальян немесе ағылшын тілінде, немесе транслитте баспа әріптерімен толтырылады. Балаларға жеке сауалнама толтырылады. 18 жасқа дейінгі бала үшін сауалнамада екі ата-ана да қол қояды!!!
Қабылданған стандарттарға сәйкес келетін баспабеттерді ғана қолданыңыз.
Сауалнама баспабетін біздің сайтта «Формулярлар» бөлімінде табуға болады.

2. Фотосурет (белгіленген үлгідегі)

Фотосуреттің талаптары
ақ фонда, тусті, жақында жасалған фото – 1 дана. (адамның бет бейнесі бүкіл суреттің 70-80 пайызын құрауы тиіс)
Өлшемі: 30 мм x 40 мм немесе 35 мм x 45 мм

3. Төлқұжат
Паспорттың Шенген аймағынан шыққан күннен кейін кем дегенде үш айға жарамды және визаға арналған кемінде екі бос беті болу керек . Паспорт алдыңғы 10 жыл ішінде шығарылуы тиіс

Өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі (жеке ақпарат бетінің көшірмесі және соңғы үш жылдағы барлық бұрынғы Шенген визасы, егер бар болса).

4. Ресми рұқсат (Nulla Osta)

Жарамдылығы 6 айдан асатын, Италиядағы Префектура құзырындағы (Nulla Osta)Бірыңғай Көші-қон Қызметінің ресми рұқсаты (көшірме+түпнұсқа).

5. Келісім шарт, егер жұмыс беруші заңды тұлға болса

6. Портфолио, диплом, сертификат және тағы басқа

7. Тұрғылықты орынның болуын растайтын құжаттар (нақты мекен-жай): Тұрғылықтың орынның бар екендігі туралы шақырушы тараптың арызы.

8. Билеті брондау.

Егер виза 90 күннен астам уақытқа созылса, тек бір жаққа баратын билеті ұсынылады.
Егер виза 90 күннен аз болса ,барып қайту билеттері ұсынылады

9. Мекенжай анықтамасы (1 айдан аспайтын жарамды).

10. Шенген елдеріне арналған медициналық сақтандыру 

Виза алу үшін Шенген аймағында медициналық сақтандыру талап етіледі. Сақтандыру өтемінің ең аз сомасы 
– 30 000 Еуро. Бірқатар жағдайларда өтемнің кең ауқымын қамтитын сақтандыру талап етілуі мүмкін.

Шетелге шығатын азаматтардың медициналық сақтандыру полисін Виза орталығында рәсімдеуге болады.

• сақтандыру өтем сомасын 30 000 еуродан 50 000 еуроға дейінгі шектерде таңдауға болады;

• стандартты бағдарламалардан басқа экстремалды спорт түрлерінің әуесқойларына арналған арнайы бағдарламалар бар;

• полис төлемі теңгемен жүргізіледі.

• сақтандыру полисi паспорттың нөмiрiне рәсiмделедi;

Назар аударыңыз!!! Сақтандыруды кеңседен тыс рәсімдеу кезінде айлакерліктің алдын алу үшін сақтандырушы агенттің өкілеттіктерін растайтын құжаттармен танысу керек.

11. Басқа
Отбасылық байланыстар туралы куәландыратын құжаттар (неке туралы куәлік, отбасы құрамын растайтын құжаттар, балалардың туу туралы куәліктері және т.б.); Шенген келісіміне қатысушы елдерде отбасылық немесе өзге де жеке байланыстардың болуын растайтын құжаттар

 12. Жеке деректерді өңдеуге келісім (формулярлар)

13. Жеке куәлік  Келісім-шарт жасау үшін Қазақстан азаматының немесе кез келген басқа мемлекет азаматының жеке куәлігі.

14. Консулдық төлем      

Консулдық төлем теңгемен  төленеді

• Қысқа мерзімді визасы түрі C құны - 60 еуро.

• Ресей Федерациясының, Украинаның, бұрынғы Югославияның (Македонияның, Сербияның, Черногорияның), Грузияның, Арменияның, Албанияның және Молдавияның азаматтары үшін - 35 еуро. D типті ұзақ мерзімді визаны рәсімдеу құны – 116 еуро. Консулдық төлем келесі санатты азаматтардан алынбайды:

• 6 жасқа дейінгі балалар

•  Еуроодақ елдерінің азаматтарының жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, балалары)

Қазақстан Республикасының резиденттері емес  Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде болуын растайтын құжатты, сапардан оралғаннан кейін қолдануға міндетті

Сізге консулдық алым мен қосымша қызметтерден басқа Visa Centre қызметтеріне ақы төлеу қажет екендігін хабарлаймыз. Қызмет құны туралы сіз осында таба аласыз.

Құжаттарды рәсімдеу ережелерімен Сіз «Маңызды ақпарат» бөлімінен таба аласыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, ақпаратты телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы жасай аласыз. Толығырақ …