Қаржылық кепілдік

Италия немесе Шенген келісімінің басқа қатысушы елінің аумағына кіруді көздейтін шетелдік азамат оның Италияда тұруын қамтамасыз ететін қаражаттардың жеткілікті көлеміне ие болуы керек.

Қаржылық кепілдік түрінде келесі құжаттардың бірі қабылданады:

• арыз беруші шотының жағдайы туралы үзінді түпнұсқасы. Шот кез келген валютада болуы мүмкін;

 
Демеушілік
ТЕК ҚАНА ата-аналары кәмелетке толмаған балаларға және ерлі-зайыптыларға бірге барған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Демеушілікті растау үшін келесі құжаттар қажет:

1. ата-ананың қаржылық кепілдігі;
2. туыстықты растайтын құжаттар (баланың туу туралы куәлігітүпнұсқа+көшірме). Тегін ауыстырған жағдайда текті ауыстыру фактін растайтын құжаттар қажет);
3. ағылшын немесе итальян тілдерінде еркін түрде жазылған Демеушілік хат;
4. ата-ана мен баланың бірлескен билеттері/брондау;
5. ата-ана мен баланың сапарларында бірге тұруын растау;
6. егер виза тек балаға қажет болса (ата-анасында қолданыстағы Шенген визасы бар болған жағдайда), қосымша түрде келесі құжаттар қажет:

- ата-анасының паспорт/тарының түпнұсқасы;
- жеке деректері мен фотосуреті бар бетінің көшірмесі;
- ата-анасының қолданыстағы визасы/ларының көшірмесі


Қысқа мерзімді визалар бойынша Италияда тұру үшін қажетті ақшалай қаражаттардың болуы (күндер бойынша, еурода, әр арыз беруші үшін)

Сапар ұзақтығы Бір адам үшін( еуро бойынша) Екі немесе одан да көп адамдар үшін(еуро бойынша)
1-5 күн:тіркелген сомма 269,60 212,81
6-10 күн:тәулігіне бір адам үшін 44,93 26,33
11-20 күн:тіркелген сомма
+ тәулігіне бір адам үшін
51,64
36,67
25,82
22,21
20 күн немесе одан да көп:тіркелген сомма
+ тәулігіне бір адам үшін
206,58
27,89
118,79
17,04

  *Санау тәсілі.15 кун саяхат;51,64 (тіркелген сомма) +36,67 *15=601,69 еуро.