АСТАНАДАҒЫ
ИТАЛИЯ
ВИЗА
ОРТАЛЫҒЫ
Астана,
Сарыарқа даңғылы,
6-үй, 333-кеңсе
БЦ "ARMAN"
Бөлімшені таңдаңыз:

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Мен визаның қай түрін сұратуым қажет?
Туристік виза туристік мақсаттағы жағдайда немесе шектелген мерзімге туысқандардың/достардың шақыруы бойынша сұратылады.
Іскерлік виза коммерциялық уәждемеге қатысты жол жүру жағдайларында сұратылады: келіссөз, іскерлік кездесулер және т.б. Әдетте, конференцияны туристік сапарға жатқызатынына назар аударыңыз.

2. Төлқұжаттың жарамдылық мерзімі қандай болу керек?
Төлқұжаттың жарамдылық мерзімі сұратылатын визаның жарамдылығы аяқталған күннен бастап 90 күннен кем болмауы керек.

3. Мен Шенген келісімінің әр еліне баруды жоспарлаймын. Қай елдің консулдығынан виза сұратуым қажет?
Визаны Сіз ең көп күн өткізуді жоспарлайтын мемлекет Консулдығынан сұрату қажет. Егер Сіз Шенген мемлекетінің әрқайсысында болатын күндер саны бірдей болады деп жоспарлайтын болсаңыз, визаны келетін бірінші мемлекет Консулдығынан сұрату қажет.

4. Менде Италия Консулдығынан алған мерзімі бойынша жарамды Шенген визасы бар, бірақ төлқұжат жарамсыз. Қолданыстағы визаны жаңа төлқұжатқа ауыстыруға бола ма?
Өкінішке орай, болмайды. Бұл жағдайда Сізге жаңа визаны рәсімдеуге құжаттарды қайта беру қажет.

5. Мен Италия аумағында визада көрсетілген мерзімнен артық бола алам ба?
Бола алмайсыз, Сіз ол елден визада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей кетуіңіз керек.

6. «Тұруға рұқсат» дегеніміз не (Permesso di Soggiorno)?
Бұл, Италия аумағында заңды болуға мүмкіндік беретін шет ел азаматының сұранысы бойынша Италия полициясының көші-қон бөлімімен берілетін құжат. Бұл құжат азаматтарды Италия аумағына шақыруға мүмкіндік береді.

7. Шенген келісіміне қатысушы елдерге кандай мемлекеттер кіреді?
Шенген келісіміне қатысушы елдерге келесі мемлекеттер кіреді: Австрия, Венгрия, Латвия, Швейцария, Бельгия, Швеция, Литва, Германия, Испания, Мальта, Голландия, Люксембург, Польша, Греция, Норвегия, Словакия, Дания, Португалия, Словения, Исландия, Финляндия, Чехия, Италия, Франция, Эстония.

8. Сауалнама екі немесе төрт парақта басылуы керек па?
Сауалнаманы екі парақта (екі жағынан), сондай-ақ бір парақта (А3 форматы), және төрт парақта басып шығаруға болады.

9. Егер мен виза алуға рұқсат ала алмаған жағдайда, онда маған Консулдық/сервистік төлем қайтарыла ма?
Консулдық, сервистік төлемнің ешқайсысы құжаттар тапсырғаннан кейін қайтарылмайды.

10. Консулдық төлем қай валютада төленеді?
Консулдық төлем кез-келген валютада төленеді (теңге, еуро, доллар).