Хабарлама

Визаға ие болу азаматқа Шенген аймағына кіруге кепілдік  құқығын бермейді. Визаның иесі Шенген  аумағына кіру шекарасында жарамды визасы бар паспортты және шекаралық полицияның өтініші бойынша,  келу мақсатын растайтын  құжаттарды ұсынуы тиіс.

Шенген визалары  үшін бұл құжаттар келесі мәліметтерді  растау ушін талап етілуі мүмкін:
– тұруды растау, болу  мақсаты мен шарттары (мысалы: рейстің ұшу билеттері, қонақ үйді брондау, шақыру және т.б.);
– қаржылық кепілдік (қолма-қол ақша, жол чектері, халықаралық несиелік карталар және т.б.);
– Шенген аймағында жарамды медициналық сақтандыру полисі, ең аз дегенде 30 000 еуро көлемінде ауруханаға жатқызу және репатриациялау шығындарын жабуға жеткілікті.

 Растайтын құжаттардың болмауы шекара полиция жағынан Шенген аумағына кіруге рұқсат бермеуге себеп бола алады. Шенген аумағында болу ережелері бойынша міндеттемелерді орындамау, мүше мемлекеттің полициясының  Шенген аумағынан шығарып жіберу үшін шаралар қабылдауға  әкеп соғуы мүмкiн.

МАҢЫЗДЫ: Шенген визасы түрлері бойынша ,оның ішінде ұзақ мерзімді визалар туралы толық ақпарат алу үшін  көп тілді веб-сайтты ұсынамыз: http://vistoperitalia.esteri.it