Қаржылық кепілдік

Италия немесе Шенген келісімінің басқа қатысушы елінің аумағына кіруді көздейтін шетелдік азамат оның Италияда тұруын қамтамасыз ететін қаражаттардың жеткілікті көлеміне ие болуы керек.

Қаржылық кепілдік түрінде келесі құжаттардың бірі қабылданады:

• арыз беруші шотының жағдайы туралы үзінді түпнұсқасы. Шот кез келген валютада болуы мүмкін;

• жол түбіртектерінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

• екі тараптан да алынған несиелік карта көшірмесі + шоттан алынған үзінді немесе карта балансы көрсетілген банкомат түбіртегі.

Қысқа мерзімді визалар бойынша Италияда тұру үшін қажетті ақшалай қаражаттардың болуы (күндер бойынша, еурода, әр арыз беруші үшін)

Сапар ұзақтығы Бір адам үшін( еуро бойынша) Екі немесе одан да көп адамдар үшін(еуро бойынша)
1-5 күн:тіркелген сомма 269,60 212,81
6-10 күн:тәулігіне бір адам үшін 44,93 26,33
11-20 күн:тіркелген сомма+тәулігіне бір адам үшін 51,64 36,67 25,82 22,21
20 күн немесе одан да көп:тіркелген сомма+тәулігіне бір адам үшін 206,58 27,89 118,79 17,04

  *Санау тәсілі.15 кун саяхат;51,64 (тіркелген сомма) +36,67 *15=601,69 еуро.